Меню

Страницы

Статья

Тұрақтандыру қоры

Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу мақсатында Тұрақтандыру қоры (бұдан әрі – Тұрақтандыру қоры) жұмыс істейді.

2026 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Тұрақтандыру қорында жеткілікті көлемде өнім қоры бар. Тұрақтандыру қорын қаржыландыру көлемі 3,9 млрд теңгені құрайды. Өнім көлемі – 10 мың тонна.

Тұрақтандыру қорын қалыптастыру барысында «Солтүстік» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жергілікті тауар өндірушілерден форвардтық келісімшарттар жасау арқылы тікелей сатып алады. Сонымен қатар, қант, күріш, күнбағыс майы мен тұз басқа өңірлердегі өндірушілерден тікелей сатып алынып, кейін бөлшек сауда желілерінде төмендетілген бағамен сатылуда.

Сиыр еті бағасын тұрақтандыру мақсатында «Солтүстік» ӘКК» АҚ мен ет комбинаты («МВ4» ЖШС) арасында 1 килограмы 2750 теңгеден болатын 200 тонна жауырын-төс етін жеткізу жөнінде келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда бөлшек сауда желілерінде аталған өнім 1 килограмы 3200 теңгеден бекітілген төмендетілген бағамен сатылуда.

Сүт өнімдері бойынша жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен бөлшек сауда желілеріне тікелей жеткізу тетігі (меморандумдар мен ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында) қолданылуда.

Көкөніс өнімдері бойынша жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне күзгі-қысқы кезеңде және маусымаралық уақытта көкөніс жеткізу үшін «айналым схемасы» және «форвардтық сатып алу» аясында қаражат берілді.

«Солтүстік» ӘКК» АҚ өнімі ішінара өз қоймаларында, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған «Радуга» ЖШС мен өндірушілердің қоймаларында сақталады.

Қазіргі уақытта Тұрақтандыру қорынан қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері, қант, тұз, құс еті, тауық жұмыртқасы және көкөністер бойынша тауар интервенциясы жүргізілуде.

 2020 жылдан бастап «Солтүстік» ӘКК» АҚ арқылы жергілікті ұн тарту кәсіпорнына «айналым схемасы» аясында астық сатып алуға қаржы бөлінуде. Бұл ұн өндіру және оны бөлшек сауда желілерінде нарықтық бағадан төмен бекітілген бағамен сату, сондай-ақ әлеуметтік нан және макарон өнімдерін өндіру үшін жергілікті наубайханалар арасында тарату мақсатында жүзеге асырылуда.

Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен тікелей жеткізу тәжірибесін кеңейту және баға қалыптастыруды бақылауды қамтамасыз ету Тұрақтандыру қоры мен «Солтүстік» ӘКК» АҚ механизмі арқылы табысты іске асырылуда.

Сонымен қатар, сауда желілерімен сауда үстемесінің мөлшерін сақтау жөнінде меморандумдарға қол қойылған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде баға мониторингі жүргізіледі.

Жыл басынан бері делдалдық схемаларды тергеп — тексеру жөніндегі комиссияның 41 отырысы өткізілді, сондай-ақ 104 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

 

Дата публикации
25 мая 2026
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы