«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы 2019 жылы құрылды («Qyzyljar «арнайы экономикалық аймағын құру туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 Қаулысы). Оның жалпы аумағы 762 га құрайды және 7 субаймақтан тұрады. Ең жас АЭА бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда АЭА-ның 21 қатысушысы тіркелді, инвестициялардың жалпы көлемі 409 млрд.теңге, 4,5 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды.
«Qyzyljar»АЭА қызметінің негізгі түрлері:
Құрылыс материалдары мен жиһаз өндірісі;
Электроника және электр жабдықтары өнімдерін өндіру;
Машина жасау өнімдерін өндіру;
Көпсалалы аурухана салу;
Кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі;
Ағаш целлюлозасы мен целлюлоза өндірісі;
Қағаз және картон өндірісі;
Гофрленген картон өндірісі;
Қағаз және картон ыдыстарын өндіру;
Шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру.
Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;
Фармацевтикалық препараттар өндірісі;
Ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі;
Экономикалық аймақтың артықшылықтары
Салықтық жеңілдіктер және кедендік преференциялар
Бір терезе принципі
Тиімді орналасу және логистика
Көші-қон мәселелеріне көмек
Заманауи инфрақұрылым
«Qyzyljar»АЭА-да берілетін жеңілдіктер мен преференциялардың түрлері
Корпоративтік табыс салығы (КТС)
Жер салығы
Мүлік салығы
АЭА аумағына әкелу кезінде шикізат пен жабдыққа кедендік баждардан босату
Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы-АЭА қолданылу мерзіміне 0% коэффициенті
Импортқа ҚҚС-0%