2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 0,5%-ға (немесе 186 бизнес субъектісіне) артып, 35 623 бірлікті құрады (2025 жылғы 1 қаңтарда – 35 437 бірлік).
Оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілері – 35 499 бірлік, орта кәсіпкерлік субъектілері – 124 бірлік.
2025 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында ШОК субъектілері өндірген өнім көлемі 1,4 есеге өсіп, 1 277,4 млрд теңгені құрады (2025 жылғы 3-тоқсанда – 878,7 млрд теңге). Өнім шығарудың нақты көлем индексі 130,6%-ға жетті.
2025 жылғы үшінші тоқсан қорытындысы бойынша облыстағы ШОК кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 108,3 мың адамды құрады. Оның ішінде шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарында – 90,1 мың адам, орта кәсіпкерлік кәсіпорындарында – 18,2 мың адам.
2025 жылғы үшінші тоқсан қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 0,6 пайыздық тармаққа өсіп, 29,0%-ды құрады (2024 жылғы 3-тоқсанда – 28,4%). Орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 7,2%-ды құрап, 0,5 пайыздық тармаққа артты (2024 жылғы 3-тоқсанда – 6,7%).
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің санының артуы, ең алдымен, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді іске асырылуына байланысты.
2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдауға 9,7 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджеттен – 7,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 2,2 млрд теңге), оның ішінде:
субсидиялау құралы бойынша – 9,6 млрд теңге (РБ/ЖБ);
кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру үшін – 58 млн теңге (ЖБ);
гранттық қаржыландыруға – 29,6 млн теңге (ЖБ).
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,3 млрд теңге кредиттік портфель сомасына 69 жоба субсидияланды, портфельдік субсидиялау шеңберінде 1,8 млрд теңге сомасына 34 жоба қолдау алды, 388,141 млн теңге сомасына 21 кепілдік берілді, ГФ1 шеңберінде 4,1 млрд теңге сомасына 82 кепілдік берілді.
Гранттық қаржыландыру бойынша конкурстық рәсімдер қорытындысымен 6 финалистке жалпы сомасы 29,6 млн теңгеге гранттар берілді. Инженерлік инфрақұрылым жүргізу бойынша 3 өтінім түсіп, мақұлданды.
Анықтама: 2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнесті қолдауға жергілікті бюджеттен 2,8 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде:
гранттық қаржыландыруға – 38,8 млн теңге (ЖБ).