Облыста 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 35 906 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар – 6 542 бірлік, ШҚ – 4 607 бірлік, ЖК – 24 757 бірлік.
БНС жедел деректері бойынша 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 105,4 мың адамды құрады.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 296,1 млрд.теңгеге өнім (тауарлар мен қызметтер) шығарылды.
2025 жылғы қаңтар-наурызда экономикадағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 29,6% - құрайды (жедел деректер бойынша).
2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдауға бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында 9,7 млрд. теңге (РБ-7,5 млрд. теңге, ЖБ-2,2 млрд. теңге) көзделген, оның ішінде:
- субсидиялау құралы бойынша 9,4 млрд. теңге (РБ / ЖБ);
- ішінара кепілдік беруге кредиттер бойынша 299,9 млн. теңге (ЖБ);
- гранттық қаржыландыруға-29,6 млн. теңге (ЖБ).
2025 жылғы 01.07. 5,3 млрд. теңге кредиттік портфель сомасына 50 жоба субсидияланды, 388,141 млн.теңгеге 21 кепілдік берілді, гранттық қаржыландыру бойынша - конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша 6 финалист жалпы сомасы 29,6 млн. теңгеге грант алды, инженерлік инфрақұрылымды жүргізу бойынша өтінімдер түскен жоқ.
Анықтама: 2024 жылы субсидиялауға 12,2 млрд. теңге, кепілдендіруге-570,138 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға - 37 млн. теңге бөлінді.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің 17 отырысы өткізілді. Барлық өтініш берушілерге оң шешімдер берілді. Бас тарту жоқ.Өтінімдердің түсуіне қарай тоқсанына 1 рет өткізіледі.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Тізілімге енгізу үшін әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі арнайы комиссияның 2 отырысы өткізілді. Барлық өтініш берушілерге оң шешімдер берілді. Ағымдағы күні тізілімде әлеуметтік кәсіпкерліктің 14 субъектісі бар.Өтінімдердің түсуіне қарай тоқсанына 1 рет өткізіледі.