2025 жылғы 09 шілдеде басқарма қызметкерлерінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі С.М. Серікбаевпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға баса назар аударылды. Әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бірінші кезектегі міндет екенін атап өтті.
Ол үшін мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздерін білуі, сыбайлас жемқорлық азғырулары мен тәуекелдерінен сақтану дағдыларына ие болуы тиіс.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары талқыланды, басқарма қызметкерлері арасында нормативтік-құқықтық актілерді меңгеру тұрғысынан білім бөлімі жүргізілді, Әдеп кодексінің қағидаттарына, сондай-ақ жұмыстағы және жұмыс уақытынан тыс мінез-құлықтың жалпы стандарттарына ерекше назар аударылды. Басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарды талдаумен танысты.