Меню

Страницы

Статья

Ақпарат

Көктемдегі су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу үшін облыста ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап Өтемақы сомасын айқындау жөніндегі арнайы өңірлік комиссия жұмыс істейді. Комиссия құрамына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ғана емес, сонымен қатар қоғамдық бизнес бірлестіктердің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ депутаттар мен тәжірибелі кәсіпкерлер кірді.

Өтініштерді қарастыру Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығымен бекітілген 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің – Қостанай, Арқалық қалалары мен Қостанай, Амангелді, Жангелдин және Қарасу аудандарының әкімдіктеріне агроөнеркәсіптік кешенді қоспағанда, сауда, қоғамдық тамақтану, демалысты ұйымдастыру, жылжымайтын мүлікті жалға беру, тамақ өнімдерін өндіру және т.б. салаларда жұмыс істейтін 70 – тен астам шағын бизнес субъектілері жүгінді.

Өңірлік комиссия мақұлдағаннан кейін зардап шеккен бизнес субъектілерінің барлық өтініштері төлемдерді растау үшін Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне жіберіледі. Бүгінгі таңда 69 өтініш бойынша өтемақы төленді.

Сонымен қатар, Қағидаға сәйкес ауыл шаруашылығына жатпайтын сектордың ШОБ субъектілерінен өтініштерді қабылдау 10 желтоқсанда аяқталады, алайда ол агроөнеркәсіптік кешен кәсіпкерлері үшін жалғасады, олар зардап шеккен жылжымайтын мүлік объектілері (сарайлар, мал шаруашылығы базалары және т.б.) бойынша өтемақы алуға үміткер бола алады.

 

Дата публикации
05 декабря 2024
Дата обновления
05 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы