2024 жылғы 29 мамырда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ-де (бұдан әрі – басқарма) «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Акцияға басқармада еңбек еткісі келетін түлектер қатысты. Акцияға қатысушылар үшін басқарма бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді, оның барысында мемлекеттік орган қызметінің бағыты туралы егжей-тегжейлі баяндалды, сондай-ақ сұрақтарға жауаптар берілді.