2024 жылғы 24 мамырда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін (бұдан әрі – талдау) жария талқылау өтті, оған басқарманың және жұмыс тобының мамандары қатысты.
Жұмыс тобы талдау жүргізу кезінде бес тәуекелді анықтап, тоғыз қорытынды ұсыныс енгізді.
Талдау қорытындыларын талқылау барысында қатысушылар анықталған тәуекелдерге қатысты пікір алмасты. Барлық жеткізілген ақпаратты қатысушылар назарға алды, ескертулермен және ұсыныстар түскен жоқ.