Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 17.07.2021 жылғы № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 3-тармағына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тізілімді ағымдағы жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бекітеді. Көрсетілген мәліметтерді арнайы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтерді ескере отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын өзектендіреді.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы тиісті мемлекеттік органдарға (мемлекеттік кірістер департаменті, еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы), жауаптар алынған. Алынған жауаптар негізінде комиссия келесі кәсіпкерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін растауды ұсыну туралы шешім қабылдады.
- «Medicinskii Centr Kot&Kit (Кот & Кит медициналық орталығы)» ЖШС басшысы Джан Северина Валерьевна Петропавл қ. – балалардың демалысын және сауықтыруын ұйымдастыру жөніндегі қызмет (4 санат);
- «Автошкола Равная дорога» ЖШС басшысы Сәбитов Сәлімхан Жанатұлы Петропавл қ. – қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызмет (3 санат);
- «Формула слуха» ЖШС директоры Воронова Наталья Викторовна Петропавл қ. – коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді, әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көздейтін қызметтер көрсету жөніндегі қызмет (3 санат).
- «Панацея «отбасылық медицина орталығы» ЖШС директоры Сазанова Ирина Геннадьевна Петропавл қ.-күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі бақылау жолымен денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету жөніндегі қызмет (3 санат);
- «Тренинг Центркомек» ЖК директоры Баязитова Галия Акимбековна Петропавл қ. - әлеуметтік ортада бейімделу үшін психологиялық жай-күйді түзету және көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету бойынша; мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету бойынша; коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтер көрсету бойынша қызмет. қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер (3 санат);
- «Говоруша» Түзету-дамыту орталығы директор Дмитриенко Надежда Александровна Петропавл қ. - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызмет жәненегізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарға тап болған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау, Медициналық және әлеуметтік көмек көрсету, дамыту және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі қызмет (4 санат);
- "Митралия" ЖШС директоры Митронина Светлана Владимировна Петропавл қ. – күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі бақылау арқылы денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған қызметтер көрсету жөніндегі қызмет (3 санат).
Арнайы комиссияның ұсынымдары әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу жөніндегі ақпаратты өзектендіру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберілетін болады.