2023 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлік субъектілерінен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға өтінімдер қабылдауды жүзеге асырды. Арнайы комиссияның қарауына 1 өтінім келіп түсті:
«Митралия» ЖШС директоры Митронина Светлана Владимировна Петропавл қ. – күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі бақылау арқылы денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған қызметтер көрсету жөніндегі қызмет (3 санат).
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі арнайы комиссияның отырысы өтті. Қаралған өтініштің қорытындысы бойынша комиссия мүшелері оң шешім қабылдады.
Мақұлданған өтініш бойынша арнайы комиссияның ұсынымдары тізілімге одан әрі қосу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жолданатын болады.