2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде 7 кәсіпкер мемлекеттік грант иегерлері атанды
2023 жылғы 02-06 қазан аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау өткізілді.
2023 жылғы 16-18 қазан аралығында конкурстық комиссияның отырыстарында кәсіпкерлердің 127 жобасы қаралды.
Конкурстық комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру Қағидаларының 31-тармағына сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды, оның ішінде жалпы сомасы 34,3 млн. теңгеге 7 жобаны мақұлдау:
Қазіргі уақытта грант шарттарын жасасу рәсімі жүргізілуде.
Жобаларды іске асыру барысында кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр.