2023 жылғы 30 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында (бұдан әрі – басқарма) «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Акцияға жастар практикасы бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын мамандар қатысты.
Акцияға қатысушылар үшін басқарма бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді, оның барысында бөлім басшылары мемлекеттік органның қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
