Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау бағдарламалары бөлімі

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, басқару туралы Ережені, сондай-ақ бөлім туралы Ережені басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  2. лицензиялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде республикалық және жергілікті деңгейдегі стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;
  2. облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының салалық бөлімін әзірлеумен айналысады;
  3. бөлімнің құзыретіне қатысты бағдарламалық құжаттарды іске асыруды үйлестіреді және мониторинг жүргізеді, олар бойынша есептер дайындайды;
  4. орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлер палатасымен, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
  5. Жергілікті деңгейде Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
  6. экономиканың басым секторларын дамыту процесінде жергілікті атқарушы орган мен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
  7. Кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайтуға жәрдемдеседі;
  8. кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның облыста іске асырылуын үйлестіреді, бизнесті қолдау бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруды ұйымдастырады;
  9. жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді әзірлеу үшін материалдар ұсынады;
  10. мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражатының қозғалысына мониторингті жүзеге асырады;
  11. өңірде кәсіпкерлік қызметті дамыту және қолдау мәселелері бойынша шараларды әзірлеумен және іске асырумен айналысады;
  12. кәсіпкерлік субъектілері үшін облыс аумағында ақпараттық-консультациялық, презентациялық-көрме іс-шараларын өткізеді, олардың республика аумағында және одан тыс жерлерде форумдарға, конференцияларға, көрмелерге қатысуын ұйымдастырады;
  13. облыстық комиссиялардың, жұмыс топтарының, шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;
  14. мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығына бақылауды жүзеге асырады;
  15. «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті кредиттеу тетігін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  16. заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың мониторингін жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;
  17. «Ұлттық Рухани жаңғыру» ұлттық жобасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
  18. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  19. «Жомарт Жүрек» қайырымдылық саласындағы меценаттарға құрмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  20. дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мәселелерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  21. құрылыс-монтаж жұмыстарында сертификатталмаған материалдарды сатып алуды болдырмау үшін дайындалатын өнімді сертификаттау мәселесі бойынша жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимыл жасайды;
  22. кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  23. бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар үшін деректерді жасау үшін есептерді ұсынады;
  24. бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысады.
  25. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауға, оларға жауап беруге бақылауды жүзеге асырады.
  26. бөлімнің құзыретіне жататын ақпаратты басқарудың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыруды және тұрақты жаңартуды қамтамасыз етеді.
Документы
Новости
Полезные материалы
Кәсіпкерлікті дамыту
Шағын және орта бизнесті дамыту
Шағын және орта бизнесті дамыту
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы