
Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының гид-экскурсоводтарына арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы өңірдің туристік әлеуетін дамытуға және экскурсиялық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған оқыту курсын ұйымдастырды.
10 күндік оқыту бағдарламасына 20-ға жуық адам қатысуда.
Бас дәріскер және тренинг жетекшісі ретінде саланың жетекші сарапшысы, WFTG бойынша Ұлы Жібек жолының ресми гиді, Қазақстан Гид-экскурсоводтар одағының Президенті — Абжанова Салтанат Агзамовна тартылды.
Курс бағдарламасы қарқынды теориялық дайындықты, интерактивті тренингтерді және Петропавл қаласының негізгі нысандарындағы мазмұнды практикалық тәжірибені біріктіреді. Тыңдаушылар Ботаникалық бақта, Локомотив депосы музейінде, «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағында, «АртБотай» заманауи сурет галереясында, сондай-ақ қаланың киелі және мәдени-діни нысандарында (әулие Петр мен Павел соборы, Ислам мәдениеті музейі, «Қызылжар» мешіті, костел және синагоганы қоса алғанда) экскурсия жүргізу дағдыларын пысықтауда.
Бұл тренингтер экскурсиялық қызмет көрсетуді жаңа кәсіби деңгейге көтеруге ықпал етеді және гидтердің біліктілігін арттырады. Қатысушылар заманауи әдістемелерді, шешендік өнерді, сөйлеу этикетін және шетелдік қонақтарды қабылдау стандарттарын меңгереді, бұл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сапалы әрі бәсекеге қабілетті туристік бағыттарды құруға мүмкіндік береді.
Толық курсты аяқтап, қорытынды емтиҳанды сәтті тапсырғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік материалдар табысталады.