
Қаржы басқармасының осындай мемлекеттік қызметшілерінің бірі – Ертаева Сәуле Нұрланқызы.
Сәуле Нұрланқызы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Остаған ауылында дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 2000 жылғы қыркүйекте облыстық коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаментінде жетекші маман болып бастады.
Жұмыс үрдісінен алшақтамай, 2009 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті қайта ұйымдастырылғаннан кейін ауысу тәртібімен облыстық қаржы департаментінің түгендеу және жекешелендіруден кейінгі бақылау бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
Жауапкершілік, кәсібилік, үлкен көлемдегі жұмысты орындай білу сияқты жеке қасиеттерінің арқасында 2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының коммуналдық меншікті басқару және мүліктік жалдау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Осы лауазымда жұмыс істеп келеді.
Сәуле Нұрланқызының жұмысы күрделі, ол үнемі жаңартылып отыратын заңдарды білуді талап етеді, сондықтан ол өз білімін үнемі жетілдіріп отырады және заңнамадағы өзгерістерді зерттейді.
Сонымен қатар облыстың коммуналдық меншігімен жұмыс істеу жинақылықты, дәлдікті, сауаттылықты, қатаң тәртіпті талап етеді. Сәуле Нұрланқызы барлық осы қасиеттерге ие.
Сәуле Нұрланқызы міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарайды, бастамашылық жасайды. Кәсіби білімді іс жүзінде қолдана алады, білімді арттыруды қажет ететін өзекті бағыттарды дербес анықтай алады, үнемі кәсіби деңгейді көтеру үшін жұмыс істейді. Жинақталған тәжірибені жас мамандарға береді, ол бөлім қызметкерлерінің кәсібилігі мен іскерлік деңгейін арттыруға көмектеседі.
Өзінің көп жылғы адал еңбегі, іскерлік және адами қасиеттері үшін Сәуле Нұрланқызын әріптестері құрметтейді және бағалайды.
Сәуле Нұрланқызын сол орынға лайық адам, жауапкершілікті өз мойнына алудан қорықпайтын сұранысқа ие және білікті маман деп айтуға болады.
Өзінің адал және көп жылдық еңбегі үшін, Солтүстік Қазақстан облысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ертаева Сәуле Нұрланқызы облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, ол тамаша адам, әпке-бауыр, әсіресе жиендерін қатты жақсы көретін тәте.