Өздерін мемлекеттік қызметке арнаған адамдар

Өздерін мемлекеттік қызметке арнаған адамдар

Ушакова Тамара Петровна – мемлекеттік қызметтің ардагері, оған 40 жылдан астам уақытын арнады.

Тамара Петровна Көкшетау облысы Арықбалық ауылында дүниеге келді. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын бітіріп, 1978 жылдың желтоқсан айында Арықбалық аудандық қаржы бөліміне жұмысқа орналасты, онда 20 жыл аға экономист, инспектор-ревизор, бас бухгалтер лауазымдарында жұмыс істеді. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірді. Арықбалық ауданы таратылғаннан кейін 1998 жылы Петропавл қаласына көшіп келіп, Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасына бас маман лауазымына жұмысқа қабылданды, 2010 жылы жергілікті бюджеттің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Осында әлі күнге дейін еңбек етіп келеді.

Тамара Петровна үшін жұмыс – бұл өмір салты. Ол өз ісінің маманы, тәжірибелі қызметкер. Ол облыстық деңгейде ғана емес, республикалық деңгейде де бухгалтерлік есепті жүргізу әрі бюджеттік және қаржылық есептілікті жасау бойынша жұмыс процесінде туындайтын проблемалар мен мәселелерді шешу үшін әрқашан күш пен уақыт табады. Оның әр түрлі мәселелерді шешудегі шапшаңдығы, өз ойларын ұсынудағы дәлдігі, көптеген міндеттерді жүзеге асырудағы терең көзқарасы оған көптеген жылдар бойы басқа салаларға кеңес беруге мүмкіндік береді.

Ол Ақмола облысының шақыруы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті енгізу үшін республикалық жұмыс тобының құрамында болды, оның мүшелерімен әдіснаманы пысықтады және туындаған мәселелер мен проблемаларды шешті.

Жұмыста ол жауапкершілігімен, адалдығымен, еңбексүйгіштігімен, орындайтын ісіне толық берілуімен, терең білімді және үлкен практикалық тәжірибені қолдануымен, қарым-қатынаста қарапайымдылығымен әрі ашықтығымен ерекшеленеді. Ол өзі үшін пайдалы, қуаныш сыйлайтын және әрі қарай жұмыс істеуге құлшындыратын мамандықты таңдай білді. Жұмысты бүкіл жан-тәнімен сүйеді. Өзінің жоғары кәсіби білімімен қуана бөліседі. Күрделі жұмысты сапалы, тез және анық орындайды, қойылған міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарайды және өзінің лауазымдық міндеттерін орындауда жоғары жауапкершілік танытады.

Өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей жүріп, ол Қаржы министрінің Алғыс хатына, облыс әкімінің Құрмет грамоталарына, мерейтойлық медальдарға, ең бастысы – өз ұжымында ғана емес, сонымен қатар жұмыстағы әріптестерінің, облыстың басқа мемлекеттік органдары мен аудан бухгалтерлерінің, республикадағы басқа облыстар мен жоғары тұрған органдардағы әріптестерінің зор құрметіне ие болды.

Тамара Петровна өз жұмысына толық берілуіне қарамастан, отбасына да көп уақыт бөледі. Жолдасымен бірге ұл өсірді, оның өзінің отбасы бар, кішкентай немересі өсіп келеді.