БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 наурызындағы негiзгi көрсеткiштерi
2021 жылдың 1 наурызына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.03.2020 жылдан бастап 01.03.2021 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде зейнетақы жинақтарының сомасы 1,5 триллион теңгеден аса немесе 14% өстi.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен жинақталды, оның мөлшерi 12,3 трлн теңге (жыл iшiндегi өсiм — 14%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 314,5 млрд теңге (өсiм 22%), ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге (өсiм 12%) жеттi.
2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейiнгi екi ай iшiнде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 217,9 млрд теңге мөлшерiнде таза инвестициялық табыс есептелгенiн атап өткен жөн, бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 78 млрд теңгеге (немесе 56%) артық. Ағымдағы жылдың кiрiстiлiк көрсеткiштерi де өткен жылдың сәйкес кезеңiнiң көрсеткiштерiнен де асып түстi. Мәселен, 2021 жылдың басынан бергi кiрiстiлiк 1,3% инфляция кезiнде 1,7%-ды құрады (өткен 2020 жылдың осындай кезеңiндегi кiрiстiлiк 1,3% инфляция кезiнде 1,3% құрады). Егер кiрiстiлiктi жылдық мәнде қарайтын болсақ (2020 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы ақпанға дейiнгi соңғы 12 айда), онда ол инфляция 7,4% болғанда 11,4%-ды (өткен жылдың сәйкес кезеңiнде 6% инфляция кезiнде 7,8% болды) құрады.
Салымшылардың шоттарына 2021 жылдың басынан берi жалпы көлемi 191,6 млрд теңге зейнетақы жарналары түстi, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен 16,4 млрд теңгеге немесе 9% асып түстi. Жарналардың жалпы көлемiнiң 94,8% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша жүзеге асырылған 181,6 млрд теңге (өсiм 9%) түсiмдер құрады, 9,9 млрд теңге (өсiм 13%) МКЗЖ бойынша түстi, 104 млн теңге (өсiм 34%) ЕЗЖ бойынша аударылды.
Қордан төленетiн төлемдер, ең алдымен, бiржолғы зейнетақы төлемдерi (БЗТ) есебiнен айтарлықтай өстi. Тек екi айдың iшiнде БЖЗҚ салымшыларына 704 млрд теңгеден астам төлем төлендi, төлемдердiң басым бөлiгiн 649,9 млрд теңге мөлшерiндегi БЗТ құрады. Төлемдер сомасы бойынша екiншi орында сақтандыру ұйымдарына жасалған 19,3 млрд теңге аударымдар тұр. Одан кейiн жасына байланысты төлемдер 15,9 млрд теңге, мұрагерлiк бойынша 13,3 млрд теңге, ҚР шегiнен тыс ТТЖ кету бойынша 4,5 млрд теңге, жерлеуге 0,9 млрд теңге және мүгедектiк бойынша төлемдер 0,4 млрд теңге болды.
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бiрлiктi құрады (жыл iшiндегi өсiм — 10%). Шоттардың ең көп саны мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды — 10 986 723 бiрлiк (жыл iшiндегi өсiм 11%). Одан әрi МКЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар — 532 757 бiрлiк (өсiм 4%), БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар саны қазiр 60 177 бiрлiк (өсiм 9%).