Мемлекеттік мекемелер "Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидалары" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығына сәйкес жартыжылдық, жылдық қаржылық есептілікті жасайды.
Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жартыжылдық, жылдық қаржылық есептіліктің көлемі мыналарды қамтиды:
1) Бухгалтерлік баланс-ФО-1 нысаны;
2) Қаржы қызметінің нәтижелері туралы есеп-2-нысан;
3) Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп (Тікелей әдіс)-ФО-3 нысаны;
4) Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп – ФО-4 нысаны;
5) Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба-ТҚ-5 нысаны;
Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті тиісті құжаттармен расталған тексерілген бухгалтерлік жазбалар негізінде жасайды.
Қаржылық есептілікті жасау кезінде мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасын басшылыққа алуға тиіс.
Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қаржылық есептілікті ұсынады.
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №640 бұйрығына сәйкес жартыжылдық, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі-бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған бағынысты мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған қаржылық есептілігі.
Аудан бюджетінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік-бұл аудандық бюджеттің және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған шоғырландырылған қаржылық есептілігі.
Облыс бюджетінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік-бұл бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған облыстық бюджеттің және аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілігі.
Бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаудың мақсаты мүдделі тұлғаларды қаржы жағдайы, қаржы қызметінің нәтижелері және бюджеттердің қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Облыстардың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілігі нысандардың толық көлемінде "е-Қаржымині" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынылады.