GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
17 октября 2026
Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі Р.Ә. Аңбаев ауылдық округ әкімдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Сумен қамтамасыз ету және су тасқынына қарсы дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі
Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі Р.Ә. Аңбаев ауылдық округ әкімдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында елді мекендерді сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету, алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық, сондай-ақ каналдар мен су бұру құрылыстарын тазарту мәселелері қаралды.
Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын уақтылы жүргізуге, каналдарды қоқыс пен тұнбалардан тазартуға, еріген қар суларының кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге және елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ауылдық округ әкімдеріне өз құзыреті шеңберінде қажетті шараларды қабылдау және жоспарланған жұмыстардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

15 октября 2026
олтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері ауданға жұмыс сапарымен келді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері ауданға жұмыс сапарымен келді.
Делегация құрамында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Д.М. Хайруллин, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Л.С. Каиржанова, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлнара Әділханқызы Жусалина болды.
Жұмыс сапары барысында мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін арттыру және мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды.

15 октября 2026
Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың VIII шақырылымы депутаттарының жұмысын аяқтауға арналған кездесу өтті.

Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың VIII шақырылымы депутаттарының жұмысын аяқтауға арналған кездесу өтті Аудан әкімі Р. Ә. Анбаев депутаттарға ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуына және тұрғындардың мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді Ауданның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін аудандық мәслихат депутаттары әкімнің Құрмет грамоталарымен марапатталды Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашада өтеді Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның игілігі үшін жұмыс істегені үшін VIII шақырылым депутаттарына алғыс білдіреміз және алдағы қызметте табыс тілейміз

15 октября 2026
2026 жылғы 14 қазанда аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев «KEGOC» АҚ Сарыбай ЖЭТ филиалы өкілдерімен электр желілерінің жұмысы мәселесі бойынша жеке қабылдау өткізді.

2026 жылғы 14 қазанда аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев «KEGOC» АҚ Сарыбай ЖЭТ филиалы өкілдерімен электр желілерінің жұмысы мәселесі бойынша жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында учаскені қарау және қажетті жұмыс көлемін анықтау үшін ұйымдастырылған жерге баруды жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

14 октября 2026
Аудан әкімі облыс әкімінің бірінші орынбасары М.И. Тасмағанбетовтің төрағалығымен бейнеконференцбайланыс (БКБ) режимінде өткен жұмыс кеңесіне қатысты.

Аудан әкімі облыс әкімінің бірінші орынбасары М.И. Тасмағанбетовтің төрағалығымен бейнеконференцбайланыс (БКБ) режимінде өткен жұмыс кеңесіне қатысты.
Кеңес барысында өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және жедел шешуді қажет ететін міндеттер қаралды.

08 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы Ғабит Мүсірепов ауданына жұмыс сапарымен келді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы Ғабит Мүсірепов ауданына жұмыс сапарымен келді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғабит Мүсірепов ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады.

Сапар аясында өңір басшысы «Ак Нан Север» ЖШС-нің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ «Маслодел» ЖШС-не барып, «Қазақстан Бидайы» ЖШС-нің шикізатты сақтау, тазалау және кептіру жабдықтары орнатылған жарма мен үлпек өндіру зауытын аралады.

Бұдан бөлек, облыс әкімі «Новоишимская нефтебаза» ЖШС мен KAZMEAL LTD кәсіпорнына барып, олардың қызметімен танысты.

Жұмыс сапары аясында халыққа уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған жеті жедел медициналық жәрдем автокөлігінің кілтін табыстау рәсімі өтті.

Сонымен қатар өңір басшысы қазіргі уақытта өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын және консервацияланған күйде тұрған бұрынғы ауданаралық туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратын аралады.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер мен тұрғындардың өтініштері қаралды.

05 октября 2026
 «Абай облысының прокуратурасы: бір қателік бүкіл өмірді өзгертуі мүмкін»  

«Абай облысының прокуратурасы: бір қателік бүкіл өмірді өзгертуі мүмкін»  

Абай облысының прокуратурасының қолдауымен әртүрлі қылмыс жасаған сотталғандардың шынайы оқиғаларына негізделген «Қайтар жолы жоқ нүкте» атты деректі фильм дайындалды. Фильмнің өзегінде — бес адамның тағдыры. Олардың әрқайсысы ойланбай жасалған әрекет пен қылмыс жолына түсу туралы қабылданған шешім қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Фильм авторлары құқыққа қайшы әрекеттің шынайы бағасын көрсетуге ұмтылған: бас бостандығынан айырылу, жақындарымен қарым-қатынастың бұзылуы, қалыпты өмір салтының өзгеруі және қылмыс жасағаннан кейін адам тап болатын өзге де салдарлар. Жобаның негізгі мақсаты — жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, өз іс-әрекетіне саналы көзқарасты қалыптастыру және өскелең ұрпақтың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуына жол бермеу. Фильм санаулы минуттарда қабылданған бір ғана ойланбай жасалған шешім адамның ғана емес, оның отбасы мен жақындарының да кейінгі өмірін өзгертуі мүмкін екенін айқын көрсетеді. Абай облысының прокуратурасы жастарды өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға, әрбір әрекеттің салдарын есте сақтауға және заңды жолды таңдауға шақырады.

https://youtu.be/aB7N-N4uneY?si=yO1h0pk3dKPzzF4n 

02 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйекте Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту семинарын өткізу ұйымдастырылды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде келесі тақырыптарға оқыту семинарын өткізу ұйымдастырылды: 

  1. Бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру (баяндамашы-кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Берік Төлегенұлы Дүйсекеев)
  2. Өтініштерді қарау мерзімдері және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды жүргізу тәртібі (баяндамашы-жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы Тұрғымбаева Гүлнара Рүстемқызы)

         Семинар қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков бірқатар ұсыныстар берді.

30 сентября 2026
Ауданның жаңа прокуроры таныстырылды

Ауданның жаңа прокуроры таныстырылды

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Р.Ә. Аңбаев ауданның жаңа прокуроры Жалмағамбетов Алмас Мағсұтұлын таныстыру рәсіміне қатысты.

Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Ержанов Дәурен Тоқтарбайұлы аудан прокуратурасының жаңа басшысын ресми түрде таныстырды. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының маңызды мәселелері атап өтілді.

Аудан әкімі Алмас Мағсұтұлына алдағы кәсіби қызметіне табыс, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруына және аудан тұрғындарының игілігі жолындағы жұмысына жеміс тіледі.

24 сентября 2026
2026 жылғы 25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ж.С. Нұғыманов халықпен кездесу өткізеді.

2026 жылғы 25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ж.С. Нұғыманов атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет және адвокатура, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы және әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелерді шешу мақсатында сағат 10:00-де Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоселов ауылдық округінде, сондай-ақ сағат 12:00-де Червонный ауылдық округінде халықпен кездесу өткізеді.

Құрметті Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының тұрғындары!

2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ж.С. Нұғыманов Новоселов ауылдық округінде Привольное ауылы, Молодежная көшесі 27А мекенжайында орналасқан, мәдениет үйінің ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Сондай-ақ, 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 12:00-де Червонный ауылдық округінде Червонное ауылы, Школьная көшесі, 11 мекенжайында орналасқан мәдениет үйінің ғимаратында жеке қабылдау өткізеді.
Жеке қабылдауға жазылу 2026 жылғы 24 қыркүйек, сағат 16:00-ге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 33-37-32, 8-705-230-73-37 байланыс нөмірлері арқылы жүзеге асырылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы