
2020 жылғы 7 қыркүйекте Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау жөнiндегi бас маман — инспекторы А.М. Байсарина мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу және ескерту бойынша мемлекеттiк қызметке жаңадан тағайындалған және мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты Бiрлiк, Дружба және Шұқыркөл ауылдық округтерiнiң мамандарымен online-семинар өткiздi.
Семинарды өткiзу барысында, аудан әкiмдiгiнiң маманы мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнаманы бiлуге ерекше назар аударды, мамандарға «e-license» ақпараттық жүйесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, нормативтiк-құқықтық актiлердiң талаптарын және мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн сақтау туралы айтты, сондай-ақ заңнама нормаларын сақтамағаны үшiн, әсiресе рұқсат беру рәсiмдерi бойынша ықтимал салдарлар туралы хабарлады, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексiнiң 465-бабына сәйкес мерзiм мен бизнес-процестi бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген.
Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығындағы Департаментiнiң талдауында көрсетiлген, басқа аудандардың мамандары жiберген бұзушылық фактiлерi қаралды. Мысалы: «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк қызметi бойынша «Электрондық үкiмет» порталы арқылы келiп түскен өтiнiштердi уақтылы тiркемеу, онда өтiнiм «e-license» ИАЖ-ға 2020 жылғы 27 наурызда келiп түстi, ал ауылдық округ әкiмiнiң аппараты оларды 2020 жылғы 11 мамырда 2 ай мерзiмiн бұза отырып тiркедi. Ауылдық округ әкiмi аппараты қызметкерлерiнiң е-licensе электрондық жүйесiн уақтылы ашпауы себеп болған.
Жоғарыда келтiрiлген бұзушылықтың мысалында мамандарға осы бұзушылық фактiсiн ескеру және жұмыс кезiнде жол бермеу ұсынылады.
Барлық туындаған мәселелер бойынша толық түсiнiктемелер берiлдi, сондай-ақ бiрқатар ұсыныстар берiлдi, соның iшiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер бойынша есептiк деректердi дұрыс қалыптастыру түсiндiрiлдi.
Осы iс-шараны өткiзу мемлекеттiк қызметтер туралы Заңнаманы бұзу фактiлерiнiң алдын алу бойынша әдiстемелiк және консультативтiк көмек көрсетуге және ауданның жергiлiктi атқарушы органдарында жауапты мамандардың жоғары жұмыс деңгейiн қамтамасыз етуге бағытталған.