Егер сіз некені тіркеу, туу, өлім, ажырасу, бала асырап алу, әкелікті анықтау, аты-жөнін өзгерту сияқты қызметтердің электронды акт жазбаларынан қате тапсаңыз немесе құжатыңызды мүлдем таба алмасаңыз не істеу керектігін білесіз бе?
Алдымен Egov.kz порталына кіріп, келесі әрекеттерді орындаңыз:
- Порталдың басты бетіндегі сол жақ бағаннан «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметін» табыңыз.
- Ашылған терезеден акт жазбасының түрін таңдау қажет.
- Өтініш беру санатын толтырыңыз да «Іздеу» әрекетін басыңыз.
- Егер көрсетілген параметрлер бойынша АХАЖ АЖ-де актілік жазба болған жағдайда, портал сұратқан деректерді толық толтырып шығыңыз.
- Егер берген ақпаратыңыз жүйеде табылмаса, «Мәліметтерді цифрлау» бастырмасын басыңыз да, талап етілген мәліметтерді толтырып шығыңыз.
- «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы құжаттың скан көшірмесін жүктеңіз.
- Өтінішті ЭЦҚ немесе бір жолғы жасырын сөз арқылы растайсыз.
Сұрау салған қызмет бойынша жауап 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.