Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша оnline семинар

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша оnline семинар

2020 жылғы 3 қыркүйекте Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас маман - инспекторы А.М. Байсарина Рузаев, Тахтаброд және Чистопол ауылдық округтерінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдыналу және ескерту бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандарымен online-семинар өткізді.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы;
  • Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін сақтау;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айына арналған жұмыс жоспары;
  • Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету.

Семинарды өткізу барысында аудан әкімдігінің маманы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы білуге, электрондық қызметтердің өсу үлесін арттыруға және баламалы қызметтерді төмендетуге, есептік деректерді дұрыс қалыптастыруға, халықты «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларына үйрету қажеттілігіне назар аударды.

Барлық туындаған мәселелер бойынша толық түсініктемелер берілді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, әсіресе бірінші басшы әкімшілік тәртіппен тартылуы мүмкін рұқсат беру рәсімдері бойынша бұзушылықтарға жол бермеу туралы ұсынымдар берілді.

Осы іс-шараны өткізу ауданның жергілікті атқарушы органдарында жауапты мамандардың жоғары жұмыс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.