
📌 Egov.kz порталына кіріңіз
📌 Іздеу жолы арқылы «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» қызметін табыңыз
📌 Қызметті онлайн сұратыңыз
📌 Өтініш беруші мен апостильденетін құжат туралы мәліметтерді толтырып шығыңыз
📌 «Файлды таңдау» арқылы құжаттың электронды көшірмесін порталға жүктеңіз
📌 Екінші қадамға өтіп, өтінішті ЭЦҚ арқылы растаңыз
📌 «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» батырмасын басу арқылы төлем жасаңыз
📌 Жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан қызметті өңдеу уақытымен танысыңыз
📌 Құжатқа апостиль қойғызуға, өзіңіз өтініште көрсеткен ХҚО-ға барасыз
📌 ХҚО-ға өзіңізбен бірге өтінішті, апостиль қойылатын құжатты, жеке куәлігіңізді, төлем туралы түбіртекті ала барыңыз
📍 Айтпақшы, ХҚО-ға бару үшін кезекті алдын ала брондауды ұмытпаңыз