
Ағымдағы жылдың 20 ақпанында облыс әкімі Нұрмұхамбетов Ғ.Т. жұмыс сапарымен ауданда болды. Сапар барысында су тасқыны кезеңіне дайындалған арнайы техникаларды аралап көріп, Айыртау, Шал ақын, Тимирязев аудандарының әкімдері мен жауапты мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. 2025 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және жүзеге асыру мәселелері басты назарда болды.
Сондай-ақ облыс әкімі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен, оның ішінде «Новоишим ұн комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Шикізатты сақтайтын, тазалайтын және кептіретін қондырғылар орнатылған «Қазақстан Бидайы» ЖШС жарма және үлпек шығаратын цехымен танысты.
Сапар барысында су тасқыны маусымына дайындық пен өңірдің экономикалық дамуына ықпал ететін инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды.