Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Ол үшін:

📌 Egov.kz порталына кіріңіз;

📌Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;

📌Қызметті онлайн сұратыңыз;

📌Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;

📌Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;

📌Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;

📌Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;

📌Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;

📌Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

📍Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.

📍Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.