
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Андреевка және Көкалажар ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулерін өткізді.
Диалог барысында кездесуге қатысушылар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен, инвестициялық жобалардың іске асырылуымен, сондай-ақ 2025 жылға қойылған мақсаттар мен міндеттермен танысты.
Баяндамадан кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарынан абаттандыруға, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеуге қатысты келіп түскен барлық сұрақтарға жауап беріп, түсініктеме берді.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі Андреев және Көкалажар ауылдық округтерінің әкімдеріне, ауданның жергілікті атқарушы органдарының басшыларына келіп түскен мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.