
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев Червонный ауылдық округінің Пески ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді.
Диалог барысында кездесуге қатысушылар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен, инвестициялық жобаларды іске асырумен, сондай-ақ ағымдағы жылға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізумен танысты.
Баяндамадан кейін аудан әкімі жауап беріп, залдан келіп түскен барлық сұрақтарға түсініктеме берді.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі ауданның жергілікті атқарушы органдарының басшыларына келіп түскен мәселелер бойынша орындауға бірқатар тапсырмалар берді.