«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау» тақырыбындағы семинар

«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау» тақырыбындағы семинар

2024 жылдың 3 желтоқсандағы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлімдердің басшылары мен мамандары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері үшін «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Іс-шара барысында семинарға қатысушылар мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық базасымен және мемлекеттік органдар басшыларының заңнаманы сақтау жауапкершілігімен танысты, кадрлық іс жүргізу және жеке істерді ресімдеу, кадр саясаты және мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мәселелері жария етілді.

Семинар қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б.Кенжебеков ағымдағы жұмыс мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді.