ЭЦҚ-ны қашықтан алу

ЭЦҚ-ны қашықтан алу

Құрметті оқырман, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетінін білерсіз. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. Олай болса, #oqy&toqy айдарындағы бүгінгі тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз.

Egov.kz порталына кіріңіз;

Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;

ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;

Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;

Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;

Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;

Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;

Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;

Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;

Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;

Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;

Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;

Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;

Сертификатты жүктеңіз.