
Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ
Орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58;
пошталық мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58;
электрондық пошта мекенжайы: Uiir@sqo.gov.kz
байланыс телефоны: 8 (7152) 501650
Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 5 қабат, 521 кабинет
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 жылғы «5» тамыздан бастап 2020 жылғы «14» тамызға қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді берудің басталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы «5» тамыз сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді берудің аяқталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы «14» тамыз сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=kk сайтында танысуға болады.
Гранттық қаржыландыру шарттары:
- Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн. теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды;
- Мыналар:
берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде
бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін міндетті емес) бірлесе қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);
жаңа жұмыс орындарын құру;кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.
- ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қараша №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.