Коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидалары түсіндіру бойынша семинар

Коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидалары  түсіндіру бойынша семинар

2024 жылдың 30 қазанында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім басшылары және өтініштерді тіркеуге жауапты мамандар үшін «Коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидалары» тақырыбында оқыту семинарын өткізу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының бас маман-заңгері С. Е. Швецов семинарға қатысушыларды Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 51 қаулысымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларының негізгі ережелерімен таныстырды.