
2020 ж. 6 шілдеде Астана күнін, Новоишим станциясының 65 жылдық мерейтойын мерекелеу құрметіне және ауыл тұрғындарының өтініші бойынша аудан әкімі А.А. Тастеміровтің қатысуымен балалар ойын алаңы бар саябақ таныстырылды. Сондай-ақ саябақта күркелер, шамдар орнатылды, асфальт төселді. Енді станция тұрғындары, жастар мен балалар бос уақытын жайлы, әдемі жерде өткізуге мүмкіндік алады.