Ақпарат селекторлық кеңес өткізу туралы

Ақпарат селекторлық кеңес өткізу туралы

Бүгiн аудан әкiмi А.А. Тастемiров ауылдық округ әкiмдерiмен селекторлық кеңес өткiздi.

Ауданның елдi мекендерiн көрiктендiру және санитарлық тазалау бойынша үш айлықты өткiзу және ескерткiштер мен обелискiлердi көрiктендiру мәселелерi қаралды.

Аудан әкiмiнiң орынбасарлары Н.М. Төребеков, Д.А. Анафина кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi, тұрғын үйлердi, ескерткiштер мен т.б. көрiктендiру бойынша ұсыныстар бердi.

Ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы Р.Г. Аспанов 2020 жылғы көктемгi егiс жұмыстарына дайындық бойынша сөз сөйледi.

Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерiнiң бағасын тұрақтандыру және шектi бағаны белгiлеу туралы кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы М.К. Әбiлмәжинов сөз сөйледi.

Ауданда коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жұмыстарды дайындау және өткiзу барысы туралы тауарлар мен қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау басқармасының басшысы Г.С. Шарипова сөз сөйледi.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкiмi әр мәселе бойынша нақты тапсырмалар бердi.