Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда коммуналдық қызмет үшін 15000 теңге өтемақыны қалай алуға болады?

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда коммуналдық қызмет үшін 15000 теңге өтемақыны қалай алуға болады?

Коммуналдық қызмет шығындарына 15000 теңге көлемiнде өтемақыны алу үшiн Call-орталыққа 40001 телефоны бойынша хабарласу қажет және ЖСН, әлеуметтiк мәртебесi және жеке шот бойынша мәлiметтер (қызмет көрсетушiмен расталған) көрсетiлген өтiнiм беру қажет.

Қызметтi келесi санаттағы азаматтар ала алады:

1. 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

2. мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

3. көп балалы отбасылар;

4. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген адамдар;

5. мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызметтi орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

6. ең төменгi және одан кем зейнетақы алатын зейнеткерлер;

7. атаулы әлеуметтiк көмек алатын азаматтар, соның iшiнде жалғыз басты зейнеткерлер.

Одан әрi өзгерiстер болған жағдайда қосымша хабарлайтын боламыз.

Call-орталықтың жұмыс тәртiбi сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн.

Түскi үзiлiс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейiн.