Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Бүгiн бiз барлық елмен бiрге басты мемлекеттiк мерекелердiң бiрi — Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздер күнiн атап өтемiз. Патриот үшiн Ту, Елтаңба, Гимн — бұл тек символдар ғана емес, бұл бiздiң тарихи өткенiмiздi бейнелейтiн туған үйiмiздiң бейнесi. Олар кiм болғанымызды және бүгiн неге ұмтылатынымыз туралы айтады. Олар арқылы әлемдегi қазақстандық қоғамның бейнесi жасалады. Олар Мемлекет басшысы жүргiзiп отырған саясатқа негiзделген құндылықтарды жүзеге асырады. Бұл — ашықтық, бейбiтшiлiк, еркiндiк, тәуелсiздiк және келiсiм. Сондықтан, Мемлекеттiк рәмiздер мемлекет азаматтары үшiн, өскелең ұрпақ үшiн үлкен адамгершiлiк мәнге ие. Оған деген көзқарас — адамдардың өз елiнiң азаматы болып, оның болашағына сенетiнiнiң көрсеткiшi. Мемлекеттiк рәмiздер, бiздi Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде — ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңiстерге дейiн бiрiктiредi. Ресми халықаралық iс-шараларда бiздiң Отанымыздың Гимнi естiлсе немесе аспан-көгiлдiр ту көтерiлсе, әрбiр қазақстандық мақтаныш пен патриотизм сезiмiн сезiнедi. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Өз Отанының патриоты болу — Қазақстанды өз жүрегiнде ұстау», — деп атап өттi. Бұл дана, кең, мазмұны бойынша терең өрнек ерекше мағынаға ие. Өйткенi, өз елiне деген махаббат пен шынайы патриотизмсiз нағыз азамат, нағыз адам жоқ. Тек шынайы патриотизмнiң арқасында ғана бiз мемлекетiмiзде қалыптасқан қиындықтарды бiрге еңсере аламыз. Ол үшiн бiзде барлық жағдай жасалған, соның арқасында ауылдар дамып, жолдар жөнделiп, әлеуметтiк сала нысандары салынып және сумен қамтамасыз ету жүргiзiлiп жатыр. Осылайша ауыл тұрғындарының өмiр сүру сапасы жақсарады.

Қымбатты жерлестер, мерекелерiңiзбен!

Сiздерге амандық, бақыт, бейбiтшiлiк тiлеймiн! Бiздiң Отанымыз — Қазақстан өркендеп, Тәуелсiздiк туы жоғары болсын!