
2020 жылғы 8 маусым Елiмiздiң агроөнеркәсiп саласында жаңа сақтандыру жүйесi iске қосылды. Оның сақтандыру операторы «ҚазАгро» Холдингiнiң еншiлес компаниясы — Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры.
2004-жылдан берi Өсiмдiк шаруашылығын мiндеттi сақтандыру жүйесi жұмыс iстеп келген болатын. Ал, мына жаңа жүйе одан ерекше болмақ. Бiрiншiден, агроөнеркәсiп кешенiндегi сақтандыру ендi ерiктi түрде болады. Екiншiден, салаларға шектеу жоқ. Аграрлық сектордың кез келген бағыты сақтандырылады. Үшiншiден, сақтандыру сыйақыларын мемлекет субсидиялайды. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi ынталандыруға және сақтандыру шартын жеңiлдетуге бағытталған. Сақтандыру сыйақы сомасының 50%-ын мемлекет субсидиялайды. Ол үшiн биыл республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлiндi. - Жаңа жүйенi әзiрлеу кезiнде өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың проблемалық мәселелерi ескерiлдi, — дейдi «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарушы директоры — басқарма мүшесi Асқар Қалиев. — Мәселен, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау мақсатында жүйеде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөнiндегi агенттiктiң лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс iстей алады. Жаңа жүйеде әлемдiк сақтандыру нарығында «А» рейтингi бар үш халықаралық қайта сақтандыру компаниясы жұмыс iстейтiн болды. Олар отандық компаниялар сақтандыратын тәуекелдердi қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру тәуекелдерi туындаған жағдайда кепiлдi төлемдердi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Шарт жасасудан бастап төлеммен аяқталатын барлық процедуралар электронды цифрлық қолтаңба арқылы Qoldau.kz электронды платформасында жүргiзiледi. Процестердi автоматтандыру адами факторды азайтады және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етедi. Бүгiнгi таңда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры топырақтағы ылғалдың индексiне негiзделген сақтандыру өнiмдерiн бекiттi, — дейдi Асқар Қалиев. — Сақтандыруға жататын дәндi дақылдар бидай, арпа, сұлы, жүгерi. Ал, майлы дақылдар күнбағыс, рапс, зығыр өнiмдерi. Мониторингтi жүзеге асыру үшiн ақпарат Жердi қашықтан зондтау көздерiнен алынады. Ылғал деңгейiнiң мониторингi тұрақты негiзде жүргiзiледi және сақтандыру жағдайыныңдеректерi автоматты түрде тiркеледi. Сақтандыру жағдайытуындағаны туралы Qoldau.kz жүйесiндегi жеке кабинетiне немесе жеке электронды поштасына келген хабарламаны алғаннан кейiн сақтанушы (ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi) төлем жасайтын сақтандырушыға (сақтандыру компаниясына) өтiнiш бередi. Бұрынғы жүйедегi алынған деректер бойынша сақтандыру жағдайларының 60%-тен астамы ылғалдың жетiспеуiнен, яғни құрғақшылыққа қатысты болды. Осыған байланысты өнiмдi құрғақшылықтан сақтандыру ерекше маңызға ие. Сондай-ақ, егiс науқанының аяқталу мерзiмi де ескерiледi. Ылғалдың жетiспеу қаупiнен сақтандыру үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер биыл 15 маусымға дейiн сақтандыру шартын жасасуы қажет.Сақтандыру кезеңi 3 айды қамтиды. Яғни, 15-мамырдан 15-тамызға дейiнгi аралық есепке алынады. Ылғалдың шамадан тыс болуына қатыстысақтандыру келiсiмшартын 15-тамызға дейiн бекiту қажет. Сақтандыру 2020-жылдың 15-тамызынан 15-қыркүйегiне дейiнгi аралықта жүргiзiледi. Алдағы уақытта агроөнеркәсiп кешенiндегi сақтандыру өнiмдерiнiң нарықтағы қажеттiлiгi ескерiлiп, тiзiмi кеңейтiлетiн болады. Барлық сұрақтар бойынша Солтустiк Қазақстан филиал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на +7(7152)465148 телефон нөмiрi бойынша хабарласуға болады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Баспасөз қызметi Тел.: 8 800 080 3505