Ағымдағы жылдың 6 тамызында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Возвышенка ауылдық округінің әкімі таныстырды

Ағымдағы жылдың 6 тамызында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Возвышенка ауылдық округінің әкімі таныстырды

Ағымдағы жылдың 6 тамызында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Возвышенка ауылдық округінің тұрғындарына 2024 жылдың 4 тамызында өткен сайлау қорытындысы бойынша сайланған, Возвышенка ауылдық округінің әкімі Е.А. Сандерспен таныстырды.
Ауылдық округтің жаңа әкімін таныстыра отырып, Руслан Әкімжанұлы Елена Александровнаның қажетті кәсіби білімі мен ұйымдастырушылық қасиеттері бар екенін және осы жұмыс учаскесін басқаруға қабілетті екенін атап өтті.
Аудан әкімі округ әкіміне аумақтарды абаттандыру, әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау, бюджетке жергілікті салықтардың түсуі және басқа да маңызды мәселелер бойынша халықпен жұмысты қамтамасыз ету сияқты бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
Жауап сөзінде Е.А. Сандерс аудан әкіміне, Возвышенка ауылдық округінің тұрғындарына көрсеткен сенімі үшін алғыс айтып, Возвышенка ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін өзінің барлық білімін, тәжірибесін қосатынына сендірді.
Сонымен қатар, аудан әкімі округ тұрғындарын Возвышенка ауылдық округінде және жалпы ауданда ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Округ тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.