
Ағымдағы жылдың 1-4 -ші тамыз аралағында Есіл ауданының Явленка ауылында "Ақ бидай - 2024"облыстық жазғы спартакиадасы өтті.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның командасы 100-ден астам спортшыдан тұратын жарыстарға белсенді қатысты.
Жүгіру: 100 м және 200 м қашықтықта 1 орынды Юлия Крец иеленді,
100 м қашықтықта 2 орынды Дубриян Валентина иеленді және
жүгіруден ұзындыққа секіру бойынша алтын жүлдегер атанды.
Диск лақтыру бойынша 1 орынды Виктория Савченко иеленді және ату бойынша күміс жүлдегер атанды.
Эстафетада қыздар күміс жүлдегер атанды.
Еркін күрестен: Сәрсенбаев Мұрат 97 келі салмақ дәрежесінде 2 орын алды, Ғайнуллин Асанәлі 74 келі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды.
Ауыр атлетикадан: Каиров Абильмансур 81 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Ғабит Мүсірепов командасы спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға ие болды – дойбыда-1 орын; шахматта – 1 орын, жеңіл атлетикада – 3 орын.
13 ауданнан жалпы командалық есепте аудан командасы 3 орын алды.
Аудан әкімінің аппараты барлық спортшыларды оң нәтижемен құттықтайды, жарыстарға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.