Тағайындау

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының келісімі бойынша 2024 жылғы 5 шілдеде аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып Берік Айсаұлы Сапанов тағайындалды.
Жаңа орынбасарды таныстыра отырып, Руслан Әкімжанұлы Берік Айсаұлының қажетті кәсіби білімі бар екенін атап өтті.
Аудан әкімі орынбасардың Халықты әлеуметтік қорғау, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бағыттары бойынша және басқа да маңызды мәселелер бойынша белсенді жұмыс істеуі қажеттігін атап өтті.
Сөз сөйлеген Берік Айсаұлы аудан әкіміне көрсеткен сенімі үшін алғысын білдіріп, ауданның әлеуметтік-мәдени саласын дамыту үшін өзінің барлық білімі мен тәжірибесін қосатынына сендірді.