Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Чистополье, Бірлік, Ломоносов ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.

Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Чистополье, Бірлік, Ломоносов ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.

2024 жылғы 3 шілдеде аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев жұмыс сапарымен Чистополье селосында болып, Чистополье орта ментебін жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, тексеру барысында аудандық білім беру, техникалық қадағалау бөлімінің қатысушы өкілдеріне, мердігер ұйымның басшысына объектідегі жұмыс бригадаларының жұмыс кестесіне сәйкес сапалы жөндеудің орындалуына күнделікті мониторинг жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.  

Одан кейін аудан әкімі Бірлік ауылдық округіне барып, сапар барысында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстарының барысын мердігерлік ұйымның, технадзордың, облыстық құрылыс басқармасының өкілдерімен қарап, талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Келесі сапар Урожайное ауылының Ломоносов ауылдық округінде болды, сапар барысында ауылды абаттандыру және өтініш білдірген тұрғынмен кездесуді өткізу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.