2024 жылғы 24 мамырында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Сапаров және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетовпен жұмыс сапарымен келді.

Ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Сапаров пен СҚО әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті, егіс науқанының өзекті мәселелері мен мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.

Азықтық дақылдарды тамшылатып суаруды белсенді дамытатын "Азко Пески" ЖШС қызметімен танысты. Сондай – ақ, шаруашылық директоры Владимир Коваленконың арқасында болған Үлгілі ауыл-Раисовкаға барды. Ауылда әлеуметтік нысандар мен сауықтыру кешенінде болды.

Сонымен қатар, Пеский ауылында СҚО әкімі мен ауыл шаруашылығы министрі мектеп түлектерімен бірге Президент бастамашылық еткен "Таза Қазақстан" республикалық жобасы аясында ағаш отырғызу акциясына қатысты. Өңір басшысы түлектерді мектепті бітіруімен құттықтап, сәтті емтихандар мен ересек өмірде жаңа жетістіктер тіледі.