
2024 жылдың 31 мамырында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім басшылары және өтініштерді тіркеуге жауапты мамандар үшін «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген толықтыруларды түсіндіру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар өтініштерді тіркеу және есепке алу тәртібімен танысты.
Семинар қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б.Кенжебеков ағымдағы жұмыс мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді.