Аудан әкімі азаматтарды қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды қабылдады

2024 жылдың 29 мамырында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді, онда 7 адам қабылданды.  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, жер учаскесін беру және Возвышенка ауылдық округінде жолдардың сапасы бойынша сұрақтар түсті.

Аудан әкімінің жеке қабылдауы барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу тәртібі туралы түсініктемелер берілді және аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебековке, аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне тапсырмалар берілді.