
2024 жылдың 02 мамырында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді, онда 4 адам қабылданды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және Новоишимское ауылын абаттандыру бойынша сұрақтар түсті.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу тәртібі туралы түсініктемелер жеткізілді және аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебековке тапсырмалар берілді, Новоишим ауылдық округі әкімдігіне, аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырмалар берілді.