
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылғы 25 сәуірде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын өткізу шеңберінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының ұжымы Новоишимское ауылының "Победа" саябағының аумағын абаттандыруға және тазартуға қатысты.
Акция барысында құрғақ бұтақтарды, жапырақтарды жинау, ағаштарды әктеу, жиектерді жинау, қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілді.
Барлық меншік нысандарының өкілдерін, аудан тұрғындарын ауданның елді мекендерін абаттандыру бойынша өткізілетін іс-шараларға, акцияларға, сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырамыз.