
2024 жылдың 17 сәуірінде аудан әкімі Р. А. Анбаевтың төрағалығымен селектор режимінде округ әкімдерінің қатысуымен су тасқынына қарсы штабтың жедел отырысы өтті.
Бүгінгі таңда ауданда су тасқыны бойынша тұрақты жағдай сақталуда, бірақ су ағынының ұлғаюына байланысты екінші толқынның шыңы және Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Штаб отырысы барысында аудан әкімі округ әкімдеріне, мүдделі мемлекеттік органдарға тәулік бойы бақылауды жүзеге асыруды және су тасқыны жағдайының нашарлауы мүмкін болған кезде су басу қаупінің алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.