Бағалау комиссиясының отырысы

Бағалау комиссиясының отырысы

2024 жылғы 16 сәуірде табиғи төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығынды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында аудандағы су тасқыны жағдайы, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру және Дружба және Новоишимское ауылдарының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты мәселелер талқыланды.

Қазіргі уақытта тәуелсіз бағалаушылар зақымданған мүлік пен тұрғын үйлерге техникалық тексеру жүргізіп, залалды бағалауда.