Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын зерделеу бойынша семинар

Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын зерделеу бойынша семинар

2024 жылғы 5 сәуірде құқықтық жалпы оқыту шеңберінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы С.А.Алдошина ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және аудандық бөлімдердің мамандары үшін «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Іс-шара барысында семинарға қатысушылар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде кемшіліктер анықталған жағдайда нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мерзімдерімен, құқықтық мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерімен және номинативтік құқықтық актілердің тізбелерімен танысты.

Семинар қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.