Ашық есік күні

Ашық есік күні

2024 жылдың 29 наурызында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратымен Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің студенттері үшін Ашық есік күні өткізілді.

Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әңгіме жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық бойынша ұсыныстар берді.

Іс-шара барысында балалар азаматтардың сұрауларына, шағымдары мен ұсыныстарына жедел ден қою үшін құрылған азаматтарды қабылдау орталығына барды, аппарат қызметімен, құрылымдық бөлімшелердің жұмысымен танысты, келіп түскен мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.