Аудан әкімі әйелдер қауымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Аудан әкімі әйелдер қауымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Халықаралық әйелдер күніне орай өткен салтанатты жиында аудан әкімі Аңбаев Руслан Әкімжанұлы аудан аруларын көктем мерекесімен құттықтады.

Бүгінде әйелдер ерлермен қатар көптеген салаларда еңбек етіп, біраз мамандықтарды игерген, өз кәсібін дамытып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуде. Аудандық әйелдердің белсенді өмірлік ұстанымы және тынымсыз еңбегі – аудан жетістіктерінің маңызды бөлігі.

Салтанатты жиында нәзік жандылар аудан дамуына қосқан елеулі үлестері үшін лайықты марапаттарға ие болды. Аудан басшысы барша марапатталғандарды еңбегінің жоғары бағалануымен құттықтады.